90 жылдардан қалған әңгімелер. Райым Кляйн. "Ырғыздағы "қырғын" (үйрек қалпында)
Осындағы қолданушылардың біреуі, Гастарбайтер ме еді («Гастербайтер» болып жазылмай ма?" © Ақзере), сол ма дейм (вахтыда болмаса: «мен танымайтындай тапал емес едім» деп шығад қазір, қара да тұр), очм сол кісі Бетібоқтағы парағында аузын ашса өкпесі көрінетін, әңгімені қыздырып, өзі ерікті-еріксіз супермен-бастыкейіпкер бов кетеверетін ғақылия амиголар туралы айтып өтіпті. Әлгі, «көздееееееееп тұрып, басып жіберіп едім: үш қоян үш жерде жалп ете қалд!» девалып, қолындағы мылтық — әңгіменің басында дараоқты карабин болғанын есіне салсаң — сені дереу жек көріп қалатын; сосын жалғыз оқты Ньютон механикасына кереғар ұшырып, әйтеуір үш қоянды ақыры бір оқпен құлататын көпірме амиголар ше? Ендеше, сондай аңғал да ниеті ақ жандардың әңгімесі жерде қалмасын деп, «Хард-әдебиет» бөлімінде «90 жылдардан қалған әңгімелер» деген субайдар ашуды жүн көрдік.
Әрі қарай
Преәлгібула
Райым Кляйн — 1994-1998 жж. аралығында Ырғыз кенттеріне спирт пен «SARATON» деген сасық темекі